Жапонияның Қоршаған ортаны қорғау министрі Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды

Жапонияның Қоршаған ортаны қорғау министрі Қазақстанның экологиялық бастамаларын қолдайды

17.03.2026 17:41:12 107

Токио, 2026 жылғы 17 наурыз - ҚР Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның қоршаған ортаны қорғау министрі Хиротака Ишихарамен кездесу өткізіп, оны еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның нәтижелерімен таныстырды.

Тараптар сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күрес және «жасыл» технологияларды енгізу жөніндегі бірлескен шараларға назар аудара отырып, орнықты даму және экологиялық сын-тегеуріндерге қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Елші жапондық саясаткерді Қазақстанның БҰҰ шеңберінде Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы хабардар етіп, оны елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарына бейімделу тәсілдерімен таныстырды.

Е.Баударбек-Қожатаев Министрге 2026 жылғы 22-24 сәуірде Астанада өтетін және бизнес пен сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен климаттың өзгеруі және орнықты даму мәселелерін талқылау және «жасыл» инвестицияларды тарту үшін Орталық Азияның негізгі платформасы болатын Өңірлік экологиялық саммиттің бағдарламасын ұсынды.

Өз кезегінде Х.Ишихара жапон тарапының саяси деңгейде Өңірлік экологиялық саммитке қатысуын растай отырып, Токионың жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі белсенді ұстанымын мәлімдеді. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға алғашқы ресми сапары аясында қол қойылған екі елдің тиісті мекемелері арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумның маңыздылығын атап өтіп, экологиялық таза технологияларды енгізуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған Бірлескен кредиттік тетік (JCM) шеңберінде жобаларды іске асыруға мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tokyo/press/news/details/1183395?lang=kk