ЖОО жатақханасында жастармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
26.09.2026 03:49:00 200
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттер жатақханасында жастармен профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Ақтөбе облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Санжар Жайлыбай, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Әлішер Садық, сондай-ақ полиция қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Полиция өкілдері жастарға құқық бұзушылық жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік түрлерін түсіндіріп, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетіне, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, жатақханада тұратын жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізілді.
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясындағы мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз жастар ортасын қалыптастыруға бағытталған.
Алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1298808?lang=ru