Наурыз Қостанайда жүректерді біріктірді

Наурыз Қостанайда жүректерді біріктірді

17.03.2026 18:21:30 233

Қостанайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ауқымды қайырымдылық Наурыз мерекесі өтті. Іс-шараны «Әлем жүрегімде» қоғамдық қоры ALEM, FENIX, BABY ACADEMY және «Академия Знаний» орталықтарымен бірлесіп ұйымдастырды. Мерекеге 300-ден астам қонақ қатысты.

Бағдарламада ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар, аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасы, наурыз-көже мен палауы бар мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Шараның шарықтау сәті балаларға 200 сыйлықтың табысталуы болды.

Бұл мереке балаларға қуаныш сыйлап, бірлік пен жылулық атмосферасын қалыптастырды.
Іс-шараға Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Байгабулов О. К. да шақырылды.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1183449?lang=kk