Облыс әкімі емхана құрылысымен танысты
18.03.2026 19:02:16 62Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай ауданының Заречный кентінде салынып жатқан емхана құрылысын тексерді.
Мемлекет Басшысы денсаулық сақтау саласы еліміздің жаңару сатысындағы негізгі бастамаларының бірі болып қалатынын атап өтті.
Ағымдағы жылы облыстың денсаулық сақтау саласына 129,4 млрд теңге қаржы бөлінді, бұл 2022 жылға қарағанда 1,6 есеге жоғары.
Бүгінгі таңда облыста 440 медициналық ұйым жұмыс істейді. Маңызды мәселелердің бірі – ауылдық жерлерде сапалы медициналық қызмет көрсету. Облыс халқының 36%-ын немесе 296 мыңнан астам адамды ауыл тұрғындары құрайды.
Соңғы 3 жылда ауылдық жерлерде 34 бастапқы медициналық көмек нысаны салынды, оның ішінде 11 нысан сіздің ауданда орналасқан. Олар ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттарымен, зертханалармен, оңалту жабдықтарымен және физиотерапиялық аппараттармен жабдықталған. Бұрын мұндай мүмкіндіктер ауыл деңгейінде болмаған.
Бүгінде Қостанай ауданының Заречный ауылында 250 адам қабылдауға арналған емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаның құны – 3,3 млрд теңге.
Жалпы ауданы 4,7 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты емхана рентген аппаратымен, флюорографпен, маммографпен, ультрадыбыстық диагностика аппаратымен, ЛОР-комбайнмен, стоматологиялық қондырғымен, биохимиялық анализатормен жабдықталады.
Жаңа емхана бастапқы қабылдаудан бастап кешенді диагностикаға дейінгі амбулаториялық көмектің толық циклін қамтамасыз етеді.
Мұнда кардиологтар, хирургтар, онкологтар, невропатологтар, эндокринологтар және басқа да бейінді мамандар кең ауқымда қабылдау жүргізеді, сонымен қатар балаларға ерекше көңіл бөлінеді.
Емхана келесі функционалдық бөлімдерге бөлінеді:
- келушілерге арналған жалпы орындар;
- жалпы дәрігерлік практика бөлімі;
- оңалту бөлімшесі бар күндізгі стационар;
- консультациялық-диагностикалық көмек бөлімі;
- зертхана, биохимиялық бөлім;
- жалпы қызметтік бөлмелер;
- функционалдық диагностика;
- ультрадыбыстық зерттеу кабинеті;
- рентген-флюорографиялық және рентген-маммографиялық кабинеттер;
- орталық стерилизация бөлімі.
Бұл мекемеде шамамен 300 адам жұмыс істейтін болады.
Айта кету керек, қазіргі уақытта емхана бейімделген ғимараттарда орналасуға мәжбүр.
Жаңа емхананың пайдалануға берілуі халыққа медициналық қызметтерді қолжетімді етіп, облыс орталығына бару қажеттілігін азайтады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1184558?lang=kk