Мемлекеттік кірістер департаменті өңірдің бизнес-қоғамдастығымен семинар-кездесу өткізді

Мемлекеттік кірістер департаменті өңірдің бизнес-қоғамдастығымен семинар-кездесу өткізді

20.03.2026 09:55:12 210

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында бизнес өкілдерімен сұрақ-жауап форматында семинар-кездесу өткізді. Іс-шара 2026 жылы қабылданған жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіруге арналды.

Жаңа кодекстің енгізілуімен кәсіпкерлік субъектілерінде алғаш рет кездескен ережелер бойынша, атап айтқанда, арнайы салық режимдерінің өзгеруі шеңберіндегі талаптар бойынша сұрақтар туындады. Бейнеконференция байланысы режимінде облыстың қалалары мен аудандарының кәсіпкерлері Департамент мамандарынан толық жауаптар алды.

Павлодар облысы бойынша МКД Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы Төлеген Шаймарданов салық төлеушілерге жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі жақындап қалғанын еске салды. Иелері 2025 жыл үшін төлеуі тиіс сомалар ақпараттық жүйелерде қазірдің өзінде орналастырылуда.

Сондай-ақ, Төлеген Шаймарданов облыстың барлық қалалары мен аудандарының мемлекеттік кірістер басқармаларында өз жұмысын жалғастырып жатқан «Халықтық бухгалтер» республикалық акциясының өткізілуі туралы атап өтті. Оның аясында кәсіпкерлер басқармаларға келіп, өз сұрақтарын тікелей мамандарға қоя алады.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1185689?lang=kk