Қазақстан халықаралық энергетикалық диалог орталығында
20.03.2026 15:28:24 231
Хельсинки, 2026 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов 2026 жылғы 16-19 наурызда Вааса қаласында өткен «Energy Week» халықаралық форумына қатысты.
Форум жаңартылатын энергия көздерін, интеллектуалды энергия жүйелерін, газ энергетикасын және энергияны сақтау технологияларын қоса алғанда, энергетиканы дамытуға қатысты мәселелерді талқылау үшін шет елдердің өкілдерін, іскер топтарды және сарапшыларды жинады. Цифрландыруға, аккумуляторлық технологияларға, айналмалы экономикаға, ақылды қалаларға, энергетикалық секторды реттеуге және инновациялық бизнесті дамытуға ерекше назар аударылды.
Қазақстандық дипломат Форумның ашылу салтанатында Қазақстанның энергетика секторындағы жетістіктерін атап өтіп, тұрақты дамуға баса назар аударып, одан әрі халықаралық ынтымақтастық үшін әлеуетті бағыттарды белгіледі.
Форум аясында Вааса қаласының мэрі Томас Хейрюмен, бизнес өкілдерімен кездесулер өтті, онда екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Сондай-ақ, Елші энергетика саласындағы әлемдік көшбасшы финдік «Wärtsilä» компаниясының өндірістік алаңында болып, компанияның вице-президенті Кеннет Энгбломен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның энергетика секторында озық технологияларды енгізу перспективалары талқыланды.
Форумға қатысу елдің энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және инновациялық технологияларды ілгерілетуге мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1186024?lang=kk