Хельсинкиде Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты референдумның қорытындылары талқыланды

Хельсинкиде Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты референдумның қорытындылары талқыланды

20.03.2026 20:52:58 248

Хельсинки, 2026 жылғы 20 наурыз – Хельсинкидегі Қазақстан Елшілігінде Финляндия журналистер қауымдастығының өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен брифинг өтті. Іс-шара Қазақстандағы маңызды оқиғалар туралы өзекті ақпарат алмасуға және медиа саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ екіжақты қатынастарды нығайтуға арналған алаң болды.

Брифинг барысында Қазақстанның Елшісі Азамат Әбдіраимов қатысушыларды жаңа Қазақстан Конституциясын қабылдау жөніндегі Референдумның қорытындыларымен таныстырып, Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мәліметтерді ұсынды. Ресми деректерге сәйкес, жаңа Конституцияны қабылдауды 87,15% сайлаушы қолдаса, қатысу көрсеткіші 73,12% болған. Бұл соңғы жылдардағы ұлттық дауыс берулер ішіндегі ең жоғары қатысу деңгейінің бірі.

Қазақстандық дипломат аталған нәтижелер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына берілген жоғары бағаны және оның саяси бағытына деген сенімнің айқын көрінісі екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы – ел үшін аса маңызды әрі тарихи оқиға, ол мемлекеттік институттарды дамытуға және қоғамның құқықтық негізін күшейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды. Тараптар саяси, экономикалық және мәдени салалардағы жетістіктерге тоқталып, екіжақты қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті. Қатысушылар өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылап, қазақстандықтарды референдумның сәтті өтуімен құттықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1186499?lang=kk