Назар аударыңыз! Бүгін көлік салығын төлеудің соңғы күні!
01.04.2026 12:51:56 298Құрметті Павлодар облысының көлік иелері, 2025 жылғы көлік құралдарына салықты 2026 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеу қажет екенін еске саламыз.
2 сәуірден бастап борышкерлерді не күтеді
- Мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі.
- Салық берешегі туралы хабарламалар жолданады.
- Мәжбүрлеп өндіріп алу үшін төленбеген салық бұйрықтары жеке сот орындаушыларына (ЖСО) беріледі.
- Полиция департаментімен бірлесіп жолдарда рейдтер жүргізіледі. Борышкерлердің көлігі «Оракул-Қорғау» жүйесі арқылы анықталып, айыппұл тұрағына жіберілуі мүмкін.
Маңызды өзгерістер мен жеңілдіктер
- 10 жылдан асқан жеңіл автомобильдерге салық 30%-ға төмендетілді.
- 20 жылдан асқан автомобильдерге салық 50%-ға төмендетілді.
- Шаруа қожалықтары бір жүк пикабына салық төлеуден босатылды.
- Қозғалтқыш көлемі 3000 куб. см-ден асатын автокөліктер үшін шығарылған немесе елге әкелінген күніне байланыстылық алынып тасталды – енді есептеу барлығына бірдей.
Қалай тез есептеп, төлеуге болады
Нақты соманы «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында немесе kgd.gov.kz порталындағы сервис арқылы білуге болады. Төлем жасау үшін 17 таңбалы VIN-код (техпаспортта көрсетілген жеңіл көліктер үшін шанақ нөмірі немесе жүк көліктері үшін шасси нөмірі) қажет болады.
Салық төлеу – әрбір азаматтың конституциялық міндеті. Салық міндеттемелеріңізді уақытылы орындаңыз!
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1191547?lang=kk