Қазақстан мен Кения білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр

Қазақстан мен Кения білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр

03.04.2026 18:37:32 269

Найроби, 2026 жылғы 30 наурыз — Қазақстанның Кениядағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Найроби Университеті Директорлар Кеңесі Басқармасының Төрағасы, профессор Чача Ньяиготти-Чачамен кездесу өткізді. Кезесу барысында екі ел арасындағы білім беру саласындағы серіктестіктің перспективалары талқыланды.

 Кениялық тарап Қазақстанның ірі жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатуға ерекше қызығушылық білдірді. Профессор Чача Ньяиготти-Чача Найроби Университетінің қазақстандық оқу орындарымен өзара іс-қимылды кеңейтуге және ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдарға қол қоюға дайын екендігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-nairobi/press/news/details/1193826?lang=kk