Ұлы Дала мұрасы Тбилиси қаласының орталығында ұсынылды

Ұлы Дала мұрасы Тбилиси қаласының орталығында ұсынылды

06.04.2026 08:04:57 243

Тбилиси, 3 сәуір – Грузин ұлттық мұрайжайының ғимаратында «Грузиядағы қыпшақтар» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрме қыпшақ халқының тарихи мұрасы мен оның грузин мемлекеттілігінің қалыптасуына қосқан үлесіне арналған.

Көрме Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігінің қатысуымен ұйымдастырылып, келушілер назарына Грузия аумағындағы қыпшақтардың болуы көрсететін бірегей артефактілерді ұсынады.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин қатысты. Өз сөзінде Елші қыпшақтардың Еуразияның кең аумағын мекендеп, қуатты мемлекеттік бірлестік құрғанын атап өтті. Сондай-ақ олардың Үндістан, Қытай, Мысыр, Византия, Ресей, Хорезм және басқа да елдердің дамуына қосқан елеулі үлесі атап өтілді.

Сонымен қатар, қыпшақтар мен Грузия арасындағы тарихи байланыстарға ерекше назар аударылды. Давид IV Құрылысшы билігі кезеңінде Грузияға қыпшақ отбасыларының едәуір бөлігі қоныс аударып, Дидгори шайқасында маңызды рөл атқарғаны айтылды. Бұл жеңіс Грузияның Кавказдағы үстем күш ретінде қалыптасуына және оның «Алтын ғасырының» басталуына негіз болды.

Қорытындысында Қазақстан мен Грузияның ғылыми қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту ортақ тарихи мұраны терең зерттеу үшін маңызды екені атап өтілді.

Көрме Грузияда сақталған қыпшақ мұрасының бір бөлігін көрсетеді және ү.ж. 10 мамырына дейін келушілер үшін ашық болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tbilisi/press/news/details/1194100?lang=kk