Көлік құралдарын кедендік мөрлер мен пломбалармен тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру
08.04.2026 18:17:34 80
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
"Көлік құралдарын кедендік мөрлер мен пломбалармен тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру" тәртібіне өзгерістер енгізілгенін сіздің назарыңызға жеткіземіз.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 17 наурыздағы № 15 жаңа шешіміне сәйкес көлік құралдарына рұқсат беру туралы куәліктің қолданылу мерзімі ұзартылды және 3 жылды құрайды. Куәлік бланкісінің нысаны да өзгертілді.
Көрсетілген шешіммен оның нөмірі мен қабылданған күні бойынша Интернет желісінде іздеу арқылы танысу қажет.
Өтініш беру кезінде осы өзгерістерді ескеру қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1196208?lang=kk