«Ауыл аманаты»: Самар ауданында ауылды дамыту мен бизнесті қолдауға басымдық берілуде

«Ауыл аманаты»: Самар ауданында ауылды дамыту мен бизнесті қолдауға басымдық берілуде

16.04.2026 18:20:14 244

Самар ауданында ауыл халқының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және агроөнеркәсіптік сектордағы бастамаларды қолдауға бағытталған «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда.

Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Жаслан Майкенев кезекті актив отырысында мәлім етті.

Оның айтуынша, 2026 жылға арналған бағдарлама бойынша қаржыландыру жоспары 280 млн теңгені құрайды. Ауылдық округтер бөлінісінде жұмыс бірнеше бағытта жүргізілуде: ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, мал шаруашылығын дамыту және туризм саласындағы жобалар іске асырылуда. Бірқатар бастамалар мақұлданса, енді бір бөлігі құжаттарды рәсімдеу және қаржыландыру рәсімдерінен өтуде. Сонымен қатар шағын бизнес бағытындағы жобалар да дамып келеді, оның ішінде наубайхана мен кондитерлік цехтарды ашу бар.

- Жалпы алғанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелеу 14 жоба бойынша жүргізілуде, - деді Жаслан Майкенев.

Аудан әкімінің орынбасары құжаттарды дайындау жұмыстарын жеделдетіп, жобаларды Кредиттік комитеттің қарауына ұсыну қажеттігін атап өтті. Аудан әкімі Серік Жеңісов бұл жұмысты ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жүргізуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1201945?lang=kk