Жеке кәсіпкерлер 493-О нысанын тапсыра ма?

Жеке кәсіпкерлер 493-О нысанын тапсыра ма?

17.04.2026 12:08:11 250

Жеке кәсіпкерлер 493-О «Қызметтер» нысанын тапсыра ма?
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі түсіндірілді.
Салық кодексінің 56-бабы 6-тармағына сәйкес, су жабдықтау, су бұру, газ, электр және жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, лифттерге қызмет көрсету, сондай-ақ тасымалдау саласында қызмет көрсететін ұйымдар өз орналасқан жері бойынша салық органдарына үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Аталған мәліметтер электрондық түрде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-нан кешіктірілмей ұсынылады.
Азаматтық заңнамаға сәйкес, үшінші тұлғалар деп міндеттеме тараптары болып табылмайтын тұлғалар танылады. Тасымалдау саласында үшінші тұлға ретінде тасымалдау немесе көлік-экспедициялық шарт бойынша қызметті тікелей алушы тұлға қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі №554 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» (493-О «Қызметтер» нысаны) ұсыну міндеті тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жүктелген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес ұйымдарға заңды тұлғалар жатады. Ал жеке кәсіпкерлер заңды тұлға болып табылмайды.
Осыған байланысты, жеке кәсіпкерлер, оның ішінде жүк тасымалдау саласында қызмет көрсететіндер, 493-О «Қызметтер» нысанын ұсынуға міндетті емес.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 22-бабы 2-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, тұлғалар қабылданған шешімдерге немесе лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1202958?lang=kk