Қазақстанда бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау саласындағы бақылау тәсілі жаңғыртылуда

Қазақстанда бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау саласындағы бақылау тәсілі жаңғыртылуда

17.04.2026 17:15:40 269

    Қазақстанда бухгалтерлік есеп, аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

    Уәкілетті орган ашықтықты арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған өзгерістерді енгізуде.

    2026 жылғы 12 қаңтардан бастап бухгалтерлік есеп саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын реттейтін Қаржы министрі мен Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер күшіне енді.

    Жаңа редакцияда бұзушылықтардың деңгейлері нақтыланып, тәуекелдерді бағалау критерийлері жаңартылды және тексеру парақтары өзектендірілді. Бұл профилактикалық бақылаудың тиімділігін арттыруға және адал субъектілерге қойылатын талаптарды азайтуға мүмкіндік береді.

    Ұқсас өзгерістер бағалау және аудиторлық қызмет салаларында да енгізілді. Жаңа тәсілдер тәуекелдерді бағалау негізінде неғұрлым кешенді және жүйелі бақылауды көздейді.

   Маңызды бағыттардың бірі бақылауды цифрландыру. Атап айтқанда, Қаржылық есептілік депозитарийінде деректер алмасу құралдары жетілдірілуде, бұл мониторингтің тиімділігін арттырып, сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар, жария ұйымдардың құжаттарын ұсыну қолжетімді әрі сенімді бола түсуде. Бұл өз кезегінде жекелеген ұйымдардың ғана емес, тұтастай алғанда елдің инвестициялық тартымдылығына оң әсер етеді.

    Жалпы алғанда, қабылданып жатқан шаралар әкімшілік жүктемені азайтуға және Қазақстандағы іскерлік ортаны дамытуға бағытталған мемлекеттік бақылаудың икемді әрі заманауи жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1203372?lang=kk