«Спорт мектебі жағдайындағы білім беру жүйесіндегі жаңа талаптарды еңсеру тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық семинар
17.04.2026 17:15:44 343
2026 жылғы 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы мен Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі бірлесіп, «Спорт мектебі жағдайындағы білім беру жүйесіндегі жаңа талаптарды еңсеру тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты — спорт мектептері педагогтерінің озық іс-тәжірибесін жинақтау, жүйелеу және тарату болып табылады. Семинарға облыс орталығы мен аудандардан 50-ден астам педагог қатысты.
Семинардың теориялық бөлімінде спикерлер қазіргі заманғы білім беру талаптары мен спорт мектептеріндегі оқыту ерекшеліктері бойынша өздерінің үздік іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық «Инновациялық панорама» бөлімінде пән мұғалімдері ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізіп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іс жүзінде көрсетті.
Қатысушылардың пікірінше, мұндай тәжірибе алмасу алаңдары кәсіби өсу мен жаңа ақпарат алу үшін өте тиімді. Семинар соңында ұстаздар бұл іс-шараның практикалық маңыздылығы жоғары екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1203368?lang=kk