Алматы қаласында «Данеш салған әуен» атты көшпелі көрме өтті

Алматы қаласында «Данеш салған әуен» атты көшпелі көрме өтті

17.04.2026 17:24:57 304

      Қазақстанның халық әртісі, әнші, композитор Дәнеш Рақышевтың 100 жылдығына орай Алматы қаласы мультимедиялық музейі «Ұлы Дәнеш музыкасы - ұлт рухының айнасы» атты концерт өтті. Шара барысында Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі «Дәнеш салған әуен» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеде әншінің ғибратты ғұмыры мен шығармашылығынан сыр шертетін өзі қолданған жеке заттары, фотосуреттері мен құжаттары көрермен назарына ұсынылды. Солардың ішінде әндерінің тізімі жазылған өзінің қолжазбасы, баяны, өзінің дауысын жазған радиола, патефоны көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Көрмені Дәнеш Рақышевтың шәкірті,                           Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейіс, әншінің ұрпағы Гүлнар Дәнешқызы, зиялы қауым өкілдері, өнерпаздар, студенттер қатысты. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1203429?lang=kk