Самар ауданының әкімі Серік Женісов тұрғындарды кезекті қабылдау өткізді

Самар ауданының әкімі Серік Женісов тұрғындарды кезекті қабылдау өткізді

20.04.2026 09:37:32 281

Қабылдау барысында көтерілген негізгі мәселелердің басым бөлігі тұрғын үйге қатысты болды. Бұл бағыт әкімнің жеке бақылауында. Қазіргі уақытта тұрғын үйді бөлу және кезектілік мәселелерімен «Отбасы банк» АҚ айналысуда. Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді, оның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі.
Аудан бойынша тұрғын үй қорына 40-тан астам пәтер мен тұрғын үй берілген. Оларды бөлу қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кезек тәртібімен жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, ауданда тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да жалғасуда. Биыл «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жаңа құрылыс жобаларын іске асыру, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары жоспарланған.
Бұдан бөлек, тұрғындар жер учаскелерін бөлу, жол белгілерін орнату және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін де көтерді. Бұл азаматтардың ауданның дамуына бейжай қарамай, белсенді түрде атсалысып отырғанын көрсетеді.
Көтерілген барлық өтініштер тиісті түрде қаралып, жұмысқа алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1203961?lang=kk