Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Корея Республикасындағы салық семинарына қатысты
20.04.2026 10:35:19 334
Сеул, 2026 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы 2026 жылғы 14–16 сәуір аралығында Сеул қаласында өткен халықаралық салық салу мәселелері жөніндегі өңірлік семинарға қатысты. Іс-шараны Азия даму банкі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның Корея салық орталығы ұйымдастырды.
Семинар аясында қатысушылар халықаралық салық салу саласындағы заманауи тәсілдерді, сондай-ақ жаңа салық тетіктерін қолданудың практикалық мәселелерін талқылады. Шарттық-құқықтық базаны жетілдіру, тәжірибе алмасу және салықтық әкімшілендірудің тиімді тәсілдерін әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға қатысу Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясына халықаралық озық тәжірибемен танысуға, шетелдік сарапшылармен пікір алмасуға және салық базасын қорғауға, сондай-ақ салықтық реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған тәсілдерді зерделеуге мүмкіндік берді.
Жүргізілген жұмыс халықаралық салық саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жаһандық үрдістерді ескере отырып, ұлттық салық саясатын жетілдіруге ықпал ететін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1204016?lang=kk