«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады

«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады

20.04.2026 16:13:09 394

2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет танытушыларды "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және оның салымшылар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.

Зейнетақы жинақтары – бұл болашаққа арналған қаражат қана емес, сонымен бірге тиімді басқаруға болатын қаржы ресурсы. БЖЗҚ салымшыларының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын 50%-ға дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалптастырылған жинақтарын 100%-ға дейін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бере отырып, оның  кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы қаражатын табыс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валюталарға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.

Бұл үдерістерді барынша түсінікті ету үшін жаңа инвестициялық портал іске қосылды. Портал салымшыларға инвестициялық қызмет туралы білімін арттырып,  зейнетақы жинақтарын басқару үшін саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:

  • платформа қалай жұмыс істейді;
  • зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
  • инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
  • басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
  • өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
  • салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.

Қазақ және орыс тілдеріндегі бірыңғай цифрлық кеңістікте пайдаланушыларға инвестициялар тақырыбындағы базалық ұғымдар мен түсіндірмелер, инвестициялық портфельдерді сенімгерлікпен басқарушылар туралы түйінді ақпарат, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), қаржылық көрсеткіштер және салымшыларға сенімгерлік басқарушының және оның инвестициялық қызметінің портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қолжетімді.

Портал қолданушылары кірістерді, портфельдердің құрылымын және ИПБ мен ҚРҰБ басқару нәтижелерін қолжетімді форматта дербес салыстырып, көрсеткіштердің динамикасын қадағалап, осылайша зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктерін тереңірек түсіне алады. Мұндай құрал инвестициялау туралы құнды тәжірибе жинап, неғұрлым тиімді инвестициялық стратегияны таңдауға қатыса алатын және сәйкесінше зейнетақы жинақтарын басқаруға әсер ететін жас салымшылар үшін ерекше маңызды.

Іс-шара интерактивті форматта өтеді, қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке консультациялар ала алады. Бұл формат әлемнің кез келген нүктесінен қосылуға және сарапшылардан тікелей өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Атап өткен жөн, «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылы Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 800 мыңға тарта адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді. Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылы түскен 400 мыңдай өтініш өңделді.

Алдағы "Ашық есік күні" осы жұмыстың жалғасы болып табылады және оның қатысушыларына зейнетақы жинақтарын түсініп, оларды басқару үшін практикалық құралдарды ұсынады. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болады деп үміттенеміз.  

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу керек. 

Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m1506e5d18f4d8146c204edbd763c27b3

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2518 700 8124

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 10203040     

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1204486?lang=kk