2025 жылы Абай облысының мал шаруашылығының дамуы туралы

2025 жылы Абай облысының мал шаруашылығының дамуы туралы

20.04.2026 17:02:59 404

2025 жылы облыс шаруашылықтарының барлық санаттарымен 89,5 мың тонна немесе 2024 жылғы деңгейге қатысты алғанда 105,7% ет (сойыс салмағында), 315,8 мың тонна барлық түрдегі сүт (тиісінше 106,4%), 58,3 млн. дана жұмыртқа (99,5%), 0,5 мың тонна бал (107,7%), 2,1 мың тонна жүн (99,7%) өндірілді. Ет өндірудің өсіміне құс етін (5,5%), жылқы етін (4,4%), сиыр етін (6,6%) өткізу көлемінің артуы әсер етті. Сүт өндірудің өсімі - өнімді сиыр үйірінің көбеюімен қамтамасыз етілді.

Еттің (тірідей салмақта) негізгі өндірушілері (аталған өнімнің 80,8%-ға жуығы) облыстың жеті өңіріндегі шаруашылықтар болып табылады. Олар: Семей қаласы (11,6 мың тонна), Абай (34,8 мың тонна), Жаңасемей (25,1 мың тонна), Жарма (18,0 мың тонна), Аягөз (17,6 мың тонна),  Ақсуат (11,4 мың тонна), Мақаншы (10,7 мың тонна)  аудандары. Сүт өндіру көлемінің жартысына жуығы Абай (45,3 мың тонна), Жарма (39,2 мың тонна), Бесқарағай (36,5 мың тонна),  Бородулиха(34,7 мың тонна)   және Үржар (32,3 мың тонна) аудандарында өндірілді. Алты ауданның шаруашылықтарымен 80% жұмыртқа өндірілді: олар Бородулиха (11,4 млн. дана), Үржар (10,9 млн. дана), Көкпекті (6,9 млн. дана),  Жаңасемей (6,6 млн. дана), Мақаншы (5,3 млн. дана) және Бесқарағай (5,1 млн. дана) аудандары. Бал өндіру Үржар  (128,5 тонна), Мақаншы (113,3 тонна),  Бородулиха (110,5 тонна), Бесқарағай (41,0 тонна)  аудандарының және Семей қаласының (41,0 тонна) шаруашылықтарында шоғырланған, оларға облыстағы аталған өнім көлемінің  90%-ға жуығы тиесілі.

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру – ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде  дайын өнімдерді және шикізатты өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және т.б.), мал және құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімі.

Мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені - тікелей шаруашылықта немесе қасапханада мал мен құсты етті өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін, ұйымдарға, кәсіпорындарға және шаруашылықтың қызметкерлеріне, соның ішінде баспа-бас мәмілелер  бойынша сату немесе беру үшін сою, сондай-ақ мал мен құсты  базарларды қоса алғанда тамақтандыру желілері (асханалар, мейрамханалар, дәмханалар), сауда желісі арқылы даярлау ұйымдарына, өңдеу кәсіпорындарына союға сату, сондай-ақ экспортқа шығару.

Сүт өндіру нақты сауылған сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы сүтін, оның өткізілгеніне немесе бір бөлігі шаруашылықта бұзаулар мен торайларды суаруға кеткеніне қарамастан сипаттайды. Емізіп асырау кезінде бұзаулар сорған сүт өнімге кірмейді және бір сиырдан сауылатын сүт мөлшерін анықтағанда есепке алынбайды.

 

www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ауыл шаруашылығы статистикасы

 

Орындаушы ауыл шаруашылығы және  санақ статистикасы бөлім басшысы:

Исатаева А.К.

Тел. +7 (7222) 52-47-05

E-mail: al.isataeva@aspire.gov.kz

Адрес:

180000, г.Семей

ул.Мәңгілік ел, 25

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1204650?lang=kk