20 сәуірде СЕН ұсыну және салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады

20 сәуірде СЕН ұсыну және салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі аяқталады

20.04.2026 18:08:56 366

20 сәуір — салық есептілігін (СЕН) тапсыру және салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімінің соңғы күні 2026 жылғы 20 сәуірден кешіктірмей мыналарды орындау қажет: – келесі салық есептілігі нысандарын ұсыну: 101.02 нысаны** – 2026 жылғы 2–4 тоқсандар үшін КТС бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңге төленуге жататын аванстық төлемдер сомасының есебі; 328.00 нысаны** – 2026 жылғы наурыз айы үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш; 851.00 нысаны– жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебі (егер жер пайдалану туралы шарт жасалған немесе 2026 жылғы наурызда пайдалы қазбаларды барлауға не өндіруге лицензия алынған болса); 870.00 нысаны – 2026 жылғы 21–31 наурыз аралығында рұқсат алынған жағдайда 100 АЕК-ке дейінгі төлемдер бойынша қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы декларациясы; – төлеу: 2026 жылғы наурыз үшін Еуразиялық экономикалық одақта ҚҚС; акциз, оның ішінде ЕАЭО аумағынан әкелінетін тауарлар бойынша 2026 жылғы наурыз үшін; қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы (100 АЕК-ке дейінгі төлемдер бойынша); ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы (2026 жылдың 1-тоқсаны үшін); өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (2026 жылдың 1-тоқсаны үшін).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1204724?lang=kk