Қазақстандағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған жаңа салық режимі: Қарапайымдылық және бәріне 4%!
21.04.2026 10:33:56 324
Siz өзіңізге жұмыс істейсіз бе, қызмет көрсетесіз бе немесе өз өніміңізді сатасыз ба? Күрделі есеп жүргізуден және ЖК (жеке кәсіпкер) мәртебесінен жалықтыңыз ба? 2026 жылы сіз үшін барынша жеңілдетілген Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі (АСР) қолданылады.
Міне, заңды жұмыс істеу үшін білуіңіз керек негізгі мәліметтер:
🔹 "Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар" деген кімдер? Бұл жалдамалы жұмысшылары жоқ жеке тұлғалар (ҚР азаматтары мен қандастар). Маңызды шарт: сіздің табысыңыз айына 300 АЕК-тен аспауы тиіс.
🔹 Қанша төлеу керек? Бар болғаны 4%! Бұл режимнің басты артықшылығы — табысыңыздың тек 4%-ын ғана төлейсіз, бұл сома әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінеді:
- Жеке табыс салығы (ЖТС) — 0%.
- Әлеуметтік төлемдер — 4%. Бұған зейнетақы жарналары (МЗЖ және ЖМЗЖ), әлеуметтік аударымдар мен медициналық сақтандыру (МӘМС) кіреді.
Бұл тек салық төлеу емес, бұл сіздің зейнетақыңыз бен медициналық сақтандыруыңыз.
🔹 Бұл қалай жұмыс істейді? Бәрі смартфонда! 📱
Ешқандай декларация тапсырудың немесе салық органына барудың қажеті жоқ.
- « E-Salyq Business Арнайы мобильді қосымшаны» жүктейсіз.
- Сол қосымша арқылы сатып алушыларға чек бересіз.
- Қосымша төлемдер сомасын өзі есептейді.
- Төлемді жұмыс істеген айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жасау қажет.
🔹 Интернет-платформалар (такси, жеткізу) арқылы жұмыс істейсіз бе?
🚗 Егер сіз Яндекс, Glovo немесе басқа платформалармен серіктес болсаңыз, бәрі тіпті оңай. Интернет-платформа операторы сіздің салық агентіңіз болады. Ол қажетті 4%-ды өзі ұстап, аударады, ал деректер қосымшада автоматты түрде көрінеді.
🔹 Неге бұл тиімді?
- Есептілік жоқ: Бұл режимдегі жеке тұлғаларға салық декларациясын тапсырудың қажеті жоқ.
- Легальды мәртебе: Сіз өз табысыңызды ресми түрде растай аласыз.
- Әлеуметтік кепілдіктер: Сіз МӘМС жүйесінде сақтандырыласыз және зейнетақы жинайсыз.
Қалай өтуге болады? Бұл режимді мобильді қосымшада немесе қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген кезде таңдауға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1205039?lang=kk