2026 жылдан бастап жер қойнауын пайдалану салығын бөлу тәртібіндегі өзгерістер: жергілікті бюджеттерге есепке алудың жаңа қағидалары

2026 жылдан бастап жер қойнауын пайдалану салығын бөлу тәртібіндегі өзгерістер: жергілікті бюджеттерге есепке алудың жаңа қағидалары

21.04.2026 17:03:17 295

2026 жылдан бастап жер қойнауын пайдалану салығын бөлу тәртібіндегі өзгерістер: жергілікті бюджеттерге есепке алудың жаңа қағидалары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес, жергілікті бюджеттердің қаржылық дербестігін кезең-кезеңімен арттыру шеңберінде пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша жалпы таралған пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдік балшықтар (бұдан әрі – ЖТПҚ, ЖС және ЕБ бойынша ПҚӨС) түсімдерін бюджет жүйесінің 3-деңгейі (аудандық, облыстық маңызы бар қала) және 4-деңгейі (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ) бюджеттеріне есепке алу көзделген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бақылау шоттары, бюджеттен тыс қорлар және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы бюджет кірістерін деңгейлер бойынша бөлу кестесін бекіту туралы» 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТПҚ, ЖС және ЕБ бойынша ПҚӨС түсімдерін 105310 БСК (бюджеттік сыныптама коды) бойынша есепке алу көзделген.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің 788 және 789-баптарына сәйкес, салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей есептелген салық сомасын орналасқан жері бойынша бюджетке төлеуге және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1205570?lang=kk