Дощанов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі
21.04.2026 18:24:13 290
Құрметті тұрғындар!
22–24 сәуір аралығында Дощанов көшесінде (Майлин көшесінен Мәуленов көшесіне дейін) жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Жеке автокөліктер үшін қозғалыс уақытша тоқтатылады. Ал қоғамдық көліктер (автобустар) үшін қозғалыс сақталады.
Қаланың жол сапасын жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және алдын ала балама бағыттарды жоспарлауды ұсынамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1205667?lang=kk