Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»

Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы»

22.04.2026 18:29:32 982

Қазақстан Республикасының «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңына сәйкес жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін қолдану бойынша өтініштер eGov.kz порталы арқылы электрондық түрде қабылданады.
Сот арқылы және соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыздарды өңдеу, оның ішінде енгізілген деректердің сәйкестігін тексеру – тіркеуші органдардың, банктер мен кредиттік бюролардың электрондық деректер базалары арқылы «QOLDAU» бизнес пен азаматтарға арналған цифрлық платформасының «TAZALAU» сервисінде автоматты түрде жүзеге асырылады.
Өтініш белгіленген тәртіпке сәйкес толтырылып, қажетті құжаттармен бірге ұсынылуы тиіс.
Ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы өтініш берушінің жауапкершілігінде болады. Өтініш уәкілетті органмен қаралып, нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1206348?lang=kk