Қазақстан Сыртқы істер министрі Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының орынбасарын қабылдады
22.04.2026 18:31:51 187Астана, 2026 жылғы 21 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының Ғылым және технология мәселелері жөніндегі орынбасары Афтаб Хокерді қабылдады.
Кездесу барысында ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбаттасқа «Өңірлік экологиялық саммит 2026» іс-шарасына қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ Астананың ИЫҰ-мен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті.
Өз кезегінде А.Хокер Қазақстанның ИЫҰ қызметіне қосқан үлесін жоғары бағалап, Ұйымның ҚР-мен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.
Сұхбат соңында тараптар белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1206137?lang=kk