📌 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша салық жеңілдіктері

📌 Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ЖТС және әлеуметтік салық бойынша салық жеңілдіктері

22.04.2026 18:32:51 265
🔻 ЖТС бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары табыстардан ЖТС ставкаларының прогрессивті шкаласы бойынша есептелген жеке табыс салығының сомасын 70 % азайтуға құқылы:
✅ өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу бойынша;
✅ өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін сату бойынша.
🔻 Әлеуметтік салық бойынша қызметті жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілері бойынша 1,8 % мөлшерлемесі бойынша есептеледі:
✅ өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және өткізу;
✅ өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осындай қайта өңдеу өнімдерін сату.
Шаруа немесе фермер қожалықтары жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыруға байланысты салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептейді:
✅ өзі үшін-төлеу күніне қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 0,6 еселенген мөлшерінде;
✅ әрбір қызметкер үшін-төлеу күніне қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 0,3 еселенген мөлшерінде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/1205978?lang=kk