1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасында ауқымды спорттық іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасында ауқымды спорттық іс-шара өтті

23.04.2026 11:03:17 355

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен облыстық деңгейдегі ауқымды спорттық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арасындағы достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлер мен қызмет алушылардың спортқа қызығушылығын арттыру және ұлттық спорт түрлерін дамыту.
Шараға басқарма басшысы Б.Т. Абуов, басқарма басшысының орынбасары Ж.К. Абдолов, бөлім басшысы З.М. Мусина, сондай-ақ орталық директорлары мен командалары қатысты.
Қатысушылар қол күресі, ләңгі тебу, арқан тарту және қазақ күресі бойынша бақ сынасты. Сонымен қатар, «БҚО АӘҚКО Барысы» командалық жарысы мен «ТҮЙЕ ПАЛУАН» жекелей белдесулері ерекше тартысты өтті.
Бұл күн – тек жарыс емес, бірлік пен достықтың, жігер мен күштің нағыз мерекесіне айналды.

 Нәтижелер:
Ұлттық спорт түрлері бойынша:
1 орын – Казталов АӘҚКО
2 орын – Ақжайық мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы
3 орын – Жалпақтал АӘҚКО
«АӘҚКО Барысы» бойынша:
1 орын – Жалпақтал АӘҚКО
2 орын – Орал АӘҚКО
3 орын – Ақжайық мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы
«ТҮЙЕ ПАЛУАН» атағын Орал АӘҚКО қызметкері Е. Малдыбаев иеленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-social/press/news/details/1206771?lang=kk