Қазақстан мен ХЭО цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
24.04.2026 08:35:24 291
Астана, 2026 жылғы 23 сәуір - ХЭО Бас хатшысының орынбасары Томас Ламанаускастың Астанаға «РЭС-2026» Өңірлік экологиялық саммитіне қатысуы және 2026 жылғы ХЭО Өкілетті конференциясына (PP-26) дайындық аясындағы сапары барысында, Қазақстан Республикасының ДСҰ және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевпен бірлесіп екіжақты кездесу өткізді.
Тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы бастамаларды ілгерілету, сондай-ақ Қазақстанның ХЭО қызметіне қатысу мәселелерін талқылады.
2027–2030 жылдарға арналған ХЭО-ның сайланбалы органдарына дайындыққа ерекше назар аударылды, оның ішінде Қазақстанның ХЭО Кеңесіне кандидатурасын ұсыну және Радиорегламент комитетіне кандидатқа қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға және инклюзивті цифрлық күн тәртібін ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1207511?lang=kk