Жекеменшік балабақшалардың педагогтері облыстық семинар-практикумда бас қосты

Жекеменшік балабақшалардың педагогтері облыстық семинар-практикумда бас қосты

24.04.2026 16:38:37 221

ШҚО ББ «ÖRKEN» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 24 сәуірінде мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруде инновациялық STEAM технологиясын қолдану жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – педагогтерге мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінде инновациялық STEAM технологияларын тиімді қолдану жолдарын таныстыра отыра, кәсіби құзыреттілігін арттыру және балалардың зерттеушілік, шығармашылық, логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелерді тарату.

Семинар-практикум барысында Өскемен қаласы ЖШС «Шығыс Балдырған» балабақшасының тәжірибелі педагогтері өздерінің озат тәжірибелерімен бөлісіп,  білім беру үрдісіндегі өзекті мәселелер мен заманауи тәсілдерді талқылады. Сонымен қатар, облыстың жекеменшік балабақшаларының педагогтері бір-бірімен пікір алмасып, балабақша жұмысын жетілдіру бағытында тиімді идеялар ұсынып, ата-аналармен бірлескен үздік тәжірибелерін насихаттады.

Сондай-ақ, ЖШС «Шығыс Балдырған» балабақшасының 10 жылдық мерейтойына арналған «Тамыры терең, тарихы мәнді балабақшам» атты музыкалық қойылым көрсетіліп, «Ата өнері – балаға мұра» тақырыбында қазақ халқының ұлттық ежелгі мамандықтар көрмесі тамашаланды.

Іс-шараның нәтижесінде қатысушылар педагогикалық қауымдастық арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, кәсіби тәжірибе мен білім алмасу арқылы байланыстарды нығайтуға мүмкіндік алды. Семинар-практикумға 70 педагог қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1208056?lang=kk