Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуде
24.04.2026 17:58:14 202
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденкомен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Азиядағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңес (АӨСШК) сияқты өңірлік ұйымдар шеңберінде жан-жақты пікір алмасты.
АӨСШК-ні одан әрі дамытуға, оның ішінде оны кезең-кезеңімен толыққанды халықаралық ұйымға трансформациялау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Ә.Бақаев өз сөзінде АӨСШК қызмет еткен жылдар ішінде өңірдегі қақтығыс әлеуетін төмендетуге бағытталған сенім шараларын кеңейтуге және нығайтуға ықпал ететін тиімді көпжақты тетік ретінде өзін дәлелдегенін атап өтті. Осыған байланысты Азиядағы қалыптасып келе жатқан инклюзивті және бөлінбейтін қауіпсіздік архитектурасының маңызды элементі ретінде оны одан әрі институционализациялаудың маңыздылығы аталып өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары басқа ресейлік әріптесі Дмитрий Любинскиймен кездесу өткізіп, оның барысында адам құқықтары саласындағы көпжақты алаңдардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1208188?lang=kk