Қазақстандағы жаңа стандарттар әйнек қауіпсіздігін қалай арттырады?

Қазақстандағы жаңа стандарттар әйнек қауіпсіздігін қалай арттырады?

24.04.2026 20:00:42 300

2025 жылы елімізде құрылыс әйнегіне арналған, үйлердің, кеңселердің және қоғамдық ғимараттардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін стандарттар әзірленді. Хабарлама көпқабатты қауіпсіз әйнек өндірісін реттейтін ҚР СТ ISO 12543-1-2025 және ҚР СТ ISO 12543-2-2025 стандарттары жайлы айтылуда. Қазіргі уақытта осы талаптар Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы «СтеклоСервис» ЖШС кәсіпорнында қолданылады.

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіндегілер атап өткендей, аталған құжаттар өндірушілер мен өңдеушілер үшін бірыңғай талаптарды енгізеді. Оларда көпқабатты әйнектің құрамы мен негізгі сипаттамалары айқындалған. Әйнектің беріктігі мен қауіпсіздігіне басты назар аударылған. Мұндай бұйымдар соққыға төзімді болады және сынған жағдайда қауіпті сынықтар пайда болмайды.

«Бүгінгі таңда стандарттар — жай формалдылық емес, адамдарды қорғаудың нақты құралы. Көпқабатты әйнекке қойылатын талаптарды енгізу ғимараттардың қауіпсіздігін арттырып, жарақат алу қаупін төмендетеді. Бұл қазақстандықтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етіп, құрылыс материалдарына деген сенімді қалыптастырады», — деп атап өтті «ҚазСтандарт» РМК бас директоры Мәлік Сәулебай.

Іс жүзінде бұл жоғары деңгейлі қорғанышты білдіреді. Тұрғын үйлер мен бизнес-орталықтарда әйнек зақымданған кезде жарақат алу қаупін төмендетеді. Витраждар, қасбеттер, терезелер мен арақабырғалар механикалық жүктемелер мен температураның ауытқуына төзімдірек болады.

Өндірістік цикл бірнеше өңдеу кезеңдерінен тұрады. Жайпақ әйнек шыңдаудан, ламинациялаудан, эмальдаудан және басқа да процестерден өтеді. Сосын аталған бұйымнан беріктік пен қауіпсіздік сипаттамалары белгіленген шыныпакеттер мен арнайы бұйымдар жасалады.

«СтеклоСервис» қазақстандық компаниясы өзі үшін әзірленген осы стандарттар бойынша өнімнің кең ауқымды түрлерін шығарады. Олардың қатарында шыңдалған және отқа төзімді әйнек, соққыға және оққа төзімді көпқабатты бұйымдар, эмальданған және иіп қалыпталған конструкциялар, сондай-ақ шыныпакеттер бар.

«Көпқабатты әйнек “қауіпсіз сыну” қағидаты бойынша жұмыс істейді: тіпті қатты соққы тиген жағдайда да сынықтар конструкцияның ішінде қалады. Бұл әсіресе қауіпсіздікке өте жоғары талаптар қойылған қоғамдық орталар мен қасбеттік конструкциялар үшін маңызды», — деп түсіндірді «СтеклоСервис» компаниясының маманы.

Өндірістік процесс әртүрлі типтегі жайпақ әйнектің, негізінен «джамбо» форматындағы әйнектің жеткізілуінен басталады. Бұдан әрі материал шыңдау, ламинациялау, эмальдау, иіп қалыптау, шыны пакеттерді құрастыру және отқа төзімді бұйымдарды дайындау сияқты өндірістік өңдеуден өтеді. Соңғы түпкілікті кезеңінде дайын өнімге таңбалау басылады және қауіпсіз тасымалдауға және сақтауға арналған ағаш жәшіктерге немесе пирамида тәрізді арнайы тіреуіштерге буып-түйіледі.

Стандарттарды енгізуден өнімнің сапасы жақсартып, құрылыс материалдарына деген сенім арттады деп күтіледі.

«Бұл ішкі нарық үшін де, экспорт үшін де маңызды. Бірыңғай талаптар отандық өндірушілерге халықаралық қағидалар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді, олардың нарықтағы позициясын нығайтады», — деп атап өтті Сауда және интеграция министрлігінен.

Жаңа стандарттардың қазақстандықтарға да жақсы жағынан әсері болады. Өте берік әрі қауіпсіз әйнек конструкциялары жарақат алу қаупін төмендетеді, адамдар үшін тыныштық пен сенімділікке толы ортада күнделікті өмір сүруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1208463?lang=kk