Контрафактілік алкоголь мен темекі айналымының жолы кесілді

Контрафактілік алкоголь мен темекі айналымының жолы кесілді

27.04.2026 15:55:25 189

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ақсу және Павлодар қалаларындағы бірлескен рейдтік іс-шаралары барысында акцизделетін өнімнің заңсыз айналымы фактілері анықталды.

Тексеру барысында бірқатар кәсіпкерлердің міндетті сәйкестендіру құралдарынсыз және есепке алу-бақылау маркаларынсыз (ЕБМ) немесе қолдан жасалған маркаларды пайдалана отырып, темекі бұйымдары мен алкогольді сақтауды және өткізуді жүзеге асырғаны белгілі болды. Бұл тауардың заңсыз шыққанын тікелей көрсетеді.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде 10 000-нан астам қорап темекі мен 340 бөтелке алкоголь өнімі заңсыз айналымнан алынды.

Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабында («Заңсыз кәсіпкерлік») көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалады. Бұл баптың санкциясы 2 000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, 600 сағатқа дейінгі мерзімге түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Қазіргі уақытта тиісті процестік іс-әрекеттер жүргізілуде.

Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: контрафактілік өнімді өндіруге, сақтауға және өткізуге заңмен қатаң тыйым салынған. Мұндай құқыққа қайшы әрекеттер мемлекеттік бюджетке елеулі нұқсан келтіріп, адал бәсекелестік қағидаттарын бұзып қана қоймай, тұтынушылардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Біз кәсіпкерлерді бизнесті адал жүргізуге және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұлжытпай сақтауға шақырамыз.

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1209513?lang=kk