Алматы өңірлік көпсалалы клиникасында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтті

Алматы өңірлік көпсалалы клиникасында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау бойынша Ашық есік күні өтті

28.04.2026 14:39:41 206

2026 жылғы 25 сәуірде Алматы өңірлік көпсалалы клиникасында өңеш қатерлі ісігінің, сондай-ақ бас және мойын аймағы ісіктерінің алдын алу, ерте диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдері жөнінде халықтың ақпараттылығын арттыруға бағытталған Ашық есік күні өтті.

Іс-шара аясында клиника мамандары пациенттерге консультациялар өткізіп, қауіп факторларына, аурудың алғашқы белгілеріне және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Жалпы 24 пациентке кеңес берілді.

Дәрігерлер онкологиялық ауруларды ерте анықтау емнің тиімділігін едәуір арттырып, пациенттердің болжамын жақсартатынын атап өтті. Өңеш қатерлі ісігі мен бас және мойын аймағы ісіктерінің негізгі қауіп факторлары ретінде темекі шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну, созылмалы қабыну аурулары, дұрыс тамақтанбау, сондай-ақ вирустық инфекциялардың әсері көрсетілді.

Назар аударуды қажет ететін негізгі белгілер:

  • жұтынудың қиындауы немесе ауырсынуы;

  • дауыстың ұзақ уақыт қарлығуы;

  • себепсіз салмақ жоғалту;

  • созылмалы жөтел немесе тамақтың ауыруы;

  • мойын аймағында тығыздалудың пайда болуы;

  • ауыз қуысындағы ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар.

Мамандар темекі мен алкогольден бас тарту, салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты профилактикалық тексерулерден өту және алаңдататын белгілер пайда болған жағдайда дәрігерге дер кезінде қаралу секілді алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1210404?lang=kk