Спорт саласындағы тағы бір жарқын жетістігіміз
28.04.2026 16:53:59 206
Құрметті жерлестер!
Бесқарағай ауданының спорт саласындағы тағы бір жарқын жетістігімен қуана бөлісемін.
Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында өткен гир спорты бойынша әлем чемпионатында жерлесіміз, Малая-Владимировка орта мектебінің оқушысы Ленард Виктория жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды. Ол ел намысын абыроймен қорғап, күміс медаль жеңіп алды.
Аталған дүбірлі додаға 15 елден 300-ден астам спортшы қатысып, 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер өзара бақ сынады. Осындай жоғары деңгейдегі жарыста топ жарып, үздіктер қатарынан көріну – үлкен еңбектің нәтижесі.
Жеңімпаз спортшымыздың бұл жетістігінде жаттықтырушысы Ардақ Смағұловтың еңбегі зор екенін атап өткім келеді.
Ленард Викторияны және оның бапкерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілеймін! Бұл жеңіс – барша Бесқарағай жұртшылығы үшін үлкен мақтаныш!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1210616?lang=kk