Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындады
28.04.2026 19:04:42 192Астана, 2026 жылғы 28 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сингапур Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тұрақты хатшысының орынбасары Кевин Чеокпен кездесті.
Кездесу барысында екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары қарастырылды. Саяси диалогтың жоғары деңгейі және сауда-экономикалық, инвестициялық бағыттардағы серіктестікті кеңейтуге ортақ қызығушылық аталып өтті.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы цифрландыру, инновациялар және орнықты даму салаларындағы ықпалдастықтың әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, екіжақты байланыстарды жандандыруға дайындығын жеткізді.
Өз кезегінде, К.Чеок Сингапурдың ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, оның ішінде «жасыл» экономика, логистика және адами капиталды дамытудағы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.
Сондай-ақ іскерлік байланыстарды дамыту және екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1210845?lang=kk