KazGASA базасында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде: Бостандық ауданы жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады
29.04.2026 15:59:01 141
Бүгін Халықаралық білім беру корпорациясы KazGASA базасында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде. Бұл шара тек жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің кездесуі ғана емес, жастар үшін нақты мүмкіндіктер алаңына айналды.
Іс-шараға қатысушылар бар болғаны 60 секундтың ішінде өзін таныстырып, компания өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, тіпті сол жерде шағын іріктеуден өту мүмкіндігіне ие. Мұндай формат жастарға өз әлеуетін көрсетуге, алғашқы кәсіби байланыстарын орнатуға және болашақ мамандығы бойынша нақты бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Жәрмеңкеге жүздеген компания қатысып, әртүрлі салада мыңдаған жұмыс және тағылымдама мүмкіндіктерін ұсынуда. Бұл бастама құрылыс, сәулет, инженерия, дизайн, басқару және цифрлық технологиялар сияқты бағыттарды қамтиды.
Бостандық ауданы әкімдігі жастарды қолдау және түлектерді жұмыспен қамтуға ықпал ету – ауданның маңызды басымдықтарының бірі екенін атап өтеді. Осындай іс-шаралар кадрлық әлеуетті дамытуға, білім беру ұйымдары мен бизнес қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға және жастардың кәсіби өзін-өзі дамытуына жағдай жасауға бағытталған.
Бостандық ауданы алдағы уақытта да жастардың дамуына, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың кәсіби болашағын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде қолдайтын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1211402?lang=kk