ШҚО бойынша МКД-нің командасы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық Спартакиадада жүзуден жеңіске жетті

ШҚО бойынша МКД-нің командасы мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық Спартакиадада жүзуден жеңіске жетті

29.04.2026 18:12:58 296

Шығыс Қазақстан облысында қалалар мен аудандардың, облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметкерлері арасында XIX облыстық Спартакиада жалғасуда.

Спорттық іс-шараны ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті және облыстың Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Спартакиаданың негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің оң имиджін қалыптастыру.

Кезекті жүзу жарыстары кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

Қатысушыларды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1211682?lang=kk