Тұрғын үйді жалға беру: салық міндеттемелері және ҚР заңнамасының талаптары
29.04.2026 18:13:03 279
Камералдық мониторинг басқармасы жариялау үшін мақаланы жолдайды:
«Қазақстан Республикасында тұрғын үйді жалға беру кең таралған табыс көзі болып табылады, алайда ол салық заңнамасының талаптарын сақтауды қажет етеді.
Жеке тұлғалар қызметті келесі тәртіптермен жүзеге асыра алады:
1. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей:
- Жалдамалы жұмыскерлер болмаған және жылдық табыс 360 АЕК-тен аспаған жағдайда қолданылады.
- Келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін 270.00 нысаны бойынша декларация тапсырып, 25 қыркүйекке дейін салық төлеу қажет. Ставка — табыстың 10%-ы.
2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі:
- Айлық табыс 300 АЕК-тен аспайды және жалдамалы жұмыскерлер жоқ.
- E-Salyk Business қосымшасы пайдаланылады. ЖТС — 0%, әлеуметтік төлемдер — 4%.
3. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер:
- Жылдық табыс 600 000 АЕК-тен аспайды.
- 910.00 нысаны бойынша декларация тапсырылады (жылына екі рет — 15 тамызға дейін және 15 ақпанға дейін). Салық — 4% + әлеуметтік төлемдер».
Осылайша, салық төлеушілер табыс деңгейіне және өзге де шарттарға байланысты қызметті жүзеге асырудың оңтайлы тәртібін дербес таңдауға құқылы, бұл ретте салық есептілігін уақтылы тапсыруды және бюджетке тиісті салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуді қамтамасыз ету міндетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1211653?lang=kk