2026 жылы артық төленген салықтарды есепке жатқызу және қайтару тәртібі
29.04.2026 18:13:05 221
2026 жылы артық төленген салықтарды есепке жатқызу және қайтару тәртібі
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 120–123-баптарына сәйкес артық немесе қате төленген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және өсімпұлдарды есепке жатқызу және қайтару тәртібі белгіленген.
Есепке жатқызу немесе қайтару мемлекеттік кірістер органдарымен салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Артық төленген сома – тиісті салық, төлем немесе өсімпұл бойынша нақты төленген және есептелген сомалардың арасындағы, бұрын жүргізілген есепке жатқызулар мен қайтаруларды ескере отырып анықталатын оң айырма.
Өтініш Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ұсынылады.
Өтінішті келесі тәсілдермен беруге болады:
«Салық төлеушінің кабинеті ИСНА» арқылы;
eGov.kz порталы арқылы;
e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (жеке тұлғалар үшін);
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз түрінде.
Артық төленген сомаларды қайтару салық төлеушінің банктік шотына өтініш тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде, салық берешегі болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
Қосымша ақпарат алу үшін мемлекеттік кірістер органдарына немесе 1414 нөміріне хабарласуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1211646?lang=kk