Қазақстан СІМ-де Жапония Парламентінің депутаттарымен кездесу өтті
04.05.2026 19:34:08 2022026 жылғы 4 мамыр, Астана қ. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Жапония Парламенті Өкілдер палатасының депутаттарымен, оның ішінде Жапония Сыртқы істер министрлігінің парламенттік вице-министрі Арфия Эри және Либералды-демократиялық партиясы Халықаралық бюросының төрағасы Таро Кономен кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында қазақ-жапон ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың басым бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Көлік-логистика, экология салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ сирек жер металдары, цифрландыру және озық технологиялар бағыттарындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде көпжақты алаңдардағы күш-жігерді үйлестіру жөнінде пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалогты қолдауға және өзара қызығушылық тудыратын кең ауқымды бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1214005?lang=kk