Оқушылар бастамасы қолдау тапты: Қостанайда жаңа балалар алаңы абаттандырылады
11.05.2026 12:11:22 384
Қостанай қаласында жастардың азаматтық белсенділігі мен қоғамдық бастамаларын қолдау бағытындағы маңызды жоба жүзеге аспақ. Қаладағы балалар алаңдарының бірін абаттандыру жөніндегі оқушылар ұсынған жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жеңімпаз атанды.
Инициатива аясында балалар алаңын абаттандыру көзделген.
Ұсынылған жоба әкімдіктегі сараптамалық іріктеуден сәтті өтіп, тұрғындардың дауыс беру кезеңіне жолдама алған. Нәтижесінде жоба 322 дауыс жинап, қатысушылар арасында І орынға ие болды.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындардың қолдауына ие болған бастама балалар мен аула тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Бұл – өскелең ұрпақтың қоғамдық өмірге белсенді араласып, туған қаласының дамуына нақты үлес қосып отырғанының жарқын көрінісі.
Алдағы уақытта жобаны іске асыру кезеңі басталады. Аталған бастама қалалық инфрақұрылымды жақсартуға, қоғамдық кеңістіктердің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыруға ықпал етпек. Сонымен қатар, бұл тәжірибе жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, азаматтық бастамаларды қолдаудың тиімді үлгісі ретінде бағаланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1217278?lang=kk