Әскери-техникалық мектептің 250-ге жуық курсанты жүргізуші куәлігін алды
13.05.2026 18:40:03 291
2026 жылдың бірінші кезеңіндегі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК филиалдарында мамандар даярлаудың нәтижелері осындай.
Аттестаттау қорытындысы бойынша оқытудан кейін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 248 адам «В», «С» және «С1» кіші санаттағы жүргізуші куәліктерін алды. Бұл оқытылғандардың жалпы санының 95% құрайды.
Әскери-техникалық мектептер оқытушыларының үйлесімді және әдістемелік жұмысымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн.
Корпорация қызметкерлері тарапынан уақтылы және кәсіби қолдаудың арқасында болашақ Отан қорғаушылардың жүргізуші куәліктерін алу үшін емтихан тапсыру рәсімдерінің өзара тиімді іс-әрекеті мен жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.
Мемлекеттік корпорация өкілдерімен кездесуде Әскери-техникалық мектеп басшылығы Қарулы күштерге мамандар даярлау ісіне қосқан зор үлесі мен өзара тығыз іс-қимылы үшін ерекше ризашылығын білдірді.
2026 жылдың бірінші кезеңінде әскери-техникалық мамандарды даярлау нәтижелері бойынша Әскери-техникалық мектептердің 13 филиалы арасында рейтингте Талдықорған филиалы көш бастады. Екінші орында – Өскемен, үшінші орында – Қарағанды филиалы алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1219238?lang=kk