Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат және тоғызқұмалақ турнирі өтті
29.09.2026 11:02:29 322
Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдерімен бірлесіп, жазғы спартакиада аясында сотталғандар арасында шахмат және тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырылды. Жарысқа 50-ден астам сотталған қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, пайдалы бос уақытты ұйымдастыру және оларды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін, төзімділік пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Турнир өзара құрмет пен әділ бәсеке жағдайында өтіп, логикалық ойлауды дамытуға, зияткерлік әлеуетті арттыруға және спорттық рухты нығайтуға ықпал етті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан лайықты марапаттарға ие болды.
– Осындай жарыстарды өткізу сотталғандардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, өзін-өзі тәртіпке келтіру дағдыларын қалыптастыруға, ұтымды ойлау мен бос уақытты тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне деген қызығушылықты арттырады. Бұл тәрбиелік жұмыстың маңызды бағыттарының бірі, – деп атап өтті сотталғандар арасындағы әлеуметтік-тәрбиелік және психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Максат Серікханов.
– Турнирге қатысу бізге уақытты қызықты өткізуге ғана емес, сонымен қатар өз білімімізді, төзімділігімізді және стратегиялық ойлау қабілетімізді көрсетуге мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар өзін-өзі дамытуға ынталандырып, дағдыларымызды жетілдіруге көмектеседі, – деп бөлісті сотталғандардың бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1300356?lang=ru