АБАЙ АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ АСФАЛЬТТАУ МЕН КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ КӨРСЕТКІШІ 100 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
15.05.2026 16:15:38 98.jpeg)
Абай ауданында жол инфрақұрылымын дамыту және көшелерді жарықтандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде аудан аумағында жалпы 1274 көше орналасқан. Олардың жалпы ұзындығы 1080 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда көшелердің 1192-сі асфальт жол болса, оның ұзындығы 1031 шақырымға жетіп, жалпы үлесі 95,2 пайызды құрап отыр. Ал 82 көше тас жол санатына жатады. Оның ұзындығы 48,2 шақырым немесе 4,8 пайыз.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудандағы барлық тас көшелерді толықтай асфальттау жоспарланған. Осы мақсатта өткен жылы 474 көшеге асфальт төселіп, тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілді. Алайда ауа райының қолайсыздығына және кейбір шағынаудандардағы жаңақұрылыс аумақтарында тұрғындардың 30 пайыздан астам шоғырланбауына байланысты 82 көшеде асфальттау жұмыстары аяқталмай қалған. Қазіргі таңда аталған көшелерде құрылыс жұмыстары қайта басталып, биыл асфальтталған көшелердің үлесін 100 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы көшелерді жарықтандыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылға дейін Абай ауданында небәрі 193 көше жарықтандырылып, бұл жалпы көшелер санының 15,1 пайызын ғана құраған болатын.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудан аумағындағы барлық көшелерге жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде 1081 көше жарықтандырылып, бүгінде жарықтандырылған көшелердің үлесі 100 пайызға жетті. Қазіргі уақытта орнатылған жарық шамдарын күтіп ұстау және жүйелі қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Толығырақ: https://youtube.com/live/4xV3AXW6D-E?feature=share
#РСКШЫМКЕНТ #БРИФИНГ