ШЫМКЕНТТЕ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТЕ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

20.05.2026 17:59:47 163

📍Шымкент қаласы аумағында интернет-алаяқтық пен киберқылмыстардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында, 2026 жылғы 18-23 мамыр аралығында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

🌳 Аталған іс-шара аясында профилактикалық кездесу Шымкент қаласындағы Дендропарк аумағында ұйымдастырылып, тұрғындарға интернет-алаяқтық, киберқылмыстар, дропперлік және жалған инвестициялық жобалардың қауіптері түсіндірілді.

👮‍♂️ Азаматтарға:
• күмәнді сілтемелерге өтпеу;
• SMS-кодтарды бөгде тұлғаларға бермеу;
• банк картасы деректерін жарияламау;
• “оңай табыс” ұсынатын интернет хабарландыруларға сенбеу қажеттігі ескертілді.

📢 Құрметті қала тұрғындары!
Интернет кеңістігінде сақ болыңыздар, жеке деректеріңізді қорғап, алаяқтардың арбауына түспеңіздер!