ШЫМКЕНТ ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

ШЫМКЕНТ ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

26.05.2026 18:49:22 149

2025 жылғы негізгі көрсеткіштерге сәйкес Шымкент қаласы цифрландыру саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мегаполис «Smart City Ranking 2025» рейтингісінде республика бойынша 3-ші орындв. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент Астана және Алматы қалаларынан кейінгі үздік үштікке еніп, цифрлық трансформация бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетті.

Аталған рейтинг қаланың цифрлық жобаларды тиімді жүзеге асырып жатқанын және Smart City бағыты бойынша тұрақты даму динамикасын қалыптастырғанын айқындайды.

Smart City көрсеткіші 2025 жылы 82%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға өскен. Бұл өсім қала инфрақұрылымын цифрландыру, қоғамдық қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру, бейнебақылау және интеллектуалды көлік жүйелерін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру бағыттарындағы жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Сонымен қатар «Ашық үкімет» бағыты бойынша да оң динамика сақталды. 2025 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артты. Бұл мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтармен кері байланысты күшейту және электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылған шаралардың тиімділігін көрсетеді.

2024 жылдың қорытындысында Smart City көрсеткіші 76% деңгейінде болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 82%-ға дейін өсті. Ал Ашық үкімет бағыты бойынша көрсеткіш 97%-дан 100%-ға дейін көтерілді.

Бұл нәтижелер Шымкент қаласында цифрландыру саласының тұрақты түрде дамып келе жатқанын, заманауи цифрлық технологияларды енгізу арқылы тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз және тиімді қалалық орта қалыптастыру жұмыстарының жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын дәлелдейді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі