ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЗАҢСЫЗ 106 НЫСАН АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЗАҢСЫЗ 106 НЫСАН АНЫҚТАЛДЫ

27.05.2026 21:17:34 218

 

 

Шымкент қаласында құрылыс нормаларын бұзып, заңсыз салынған нысандарға қатысты мониторинг және бақылау жұмыстары күшейтілді. Нәтижесінде жыл басынан бері қала аумағында 106 заңсыз құрылыс нысаны анықталып, оның 56-сына қатысты тиісті шаралар қолданылды.

Анықталған нысандардың басым бөлігі Абай ауданында тіркелген. Атап айтқанда, Абай ауданында – 39, Әл-Фараби ауданында – 19, Еңбекші ауданында – 17, Қаратау ауданында – 21, Тұран ауданында 10 нысан анықталған.

Бұдан бөлек құрылыс нысандарын бақылау және қадағалау бағытында 72 құрылыс объектісіне тексеру жүргізіліп, жалпы көлемі 61,6 млн теңге айыппұл салынды.

Оның ішінде:
    •    заңсыз құрылыстар бойынша 59 нысанға – 42,4 млн теңге,
    •    құрылыс сапасына қатысты 8 нысанға – 8,6 млн теңге,
    •    үлестік құрылыс талаптарын бұзған 5 нысанға – 10,6 млн теңге айыппұл салынған.

Сонымен қатар лицензиялық бақылау аясында 442 құрылыс мекемесіне 86,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, лицензиялары 6 ай мерзімге тоқтатылды.

Жалпы жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде жергілікті бюджетке 147,6 млн теңге көлемінде түсім өндірілген.


Ақпарат көзі : Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы