ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ - 2026 ЖЫЛДЫҢ 5 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ - 2026 ЖЫЛДЫҢ 5 АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ

28.05.2026 12:35:04 171

Халықты әлеуметтік қолдау - мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және Департаменттің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады.

Департамент өзінің құзыреттілігі шеңберінде негізгі 3 бағытта жұмыс жасайды:

 Департамент қызметінің бірінші бағыты –медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу болып табылады;

 Екінші бағыты – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу болса;

 Департамент қызметінің үшінші бағыты – Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау болып табылады.

Департамент қызметінің бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен жүктелген міндеттерге тоқталып кетуге рұқсат етіңіздер:

 

I. Бірінші бағыты - медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу болып табылады: 

Шымкент қаласы бойынша 25.05.2026 жылға мүгедектігі бар адамдар саны 43320 адамға жетіп, қала бойынша тұрғындардың (01.04.2026 жылға 1 302 900 тұрғын) 3,3 % -ын құрайды. Оның ішінде:

- Ересек мүгедектігі бар азаматтар саны – 34708  немесе 80,1%, 

1) 1 топ – 5094 адам,жалпы санның- 11,8%, 

2) 2 топ – 15274 адам, жалпы санның- 35,3%,

3) 3 топ – 14340 адамнан тұрады,  жалпы санның- 31,1%,

- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны – 8612 немесе 19,9%,

1) 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала санаты бойынша - 2894 бала, 

2) 1 топтағы мүгедектігі бар – 838 бала, 

3) 2 топтағы мүгедектігі бар – 2278 бала, 

4) 3 топтағы мүгедектігі бар – 2602 бала 

мүгедектердің орталықтандырылған базасында есепте тұрады.

2026 жылғы  мамыр айы бойынша  МӘС бөлімдері жалпы 6608 (2025ж.- 6665) адамға мемлекеттік қызмет  көрсетті, оның ішінде, алғашқы рет куәландырылғаны  1406 адам, қайта  куәландырылғаны   4642  адам, негізсіз жолданғандары – 89 (өткен жылы- 103)Интенсивті көрсеткіш – 10,3.

Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 1347 (өткен жылы- 1466) адамға мүгедектік тағайындалған яғни, өткен жылмен салыстырғанда 119  адамға азайған. 

 

Негізсіз жолданғандар 

2026 жылдың   5  айында  89  науқас негізсіз жолданды, өткен жылы – 103 (- 14 адам)

  • Сырттай    42 (өткен жылы- 35)  -  (47,2%) 

  • Көзбекөз   47 (өткен жылы- 68)  - (52,8%)

2026 ж. мамыр айы бойынша негізсіз жолданымдар жалпы саны - 89 (2025 ж. 5 айда - 103), бұл көрсеткіш  14 жағдайға азайған.

Негізгі тенденция: өткен жылдың осы мерзімімен салыстарғанда негізсіз жолданымдар саны негізінен көзбе-көз куәландыру бойынша азайғаны байқалады.

 

Негізсіз жолдамалардың негізгі себептері:

  • медициналық қорытындылардың сапасыз толтырылуы;

  • олардың толықтығының сақталмауы;

  • құжаттарды рәсімдеу кезінде қателіктердің жіберілуі 

    емдеуші дәрігерлердің жауапкершеліксіз қараудың әсерінен.

Проактивті сырттай куәландыру бойынша

Мемлекет Басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында берілген азаматтарға бір медициналық мекемеде оларға қажетті қызмет көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау үшін «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» проактивті сырттай мемлекеттік қызмет көрсетудің пилоттық жобасы қабылданып, Шымкент қаласында пилотты проактивті сырттай куәландыру 2021 жылғы 1 қарашасынан бастап іске қосылды.

Нысаналы деңгей – 45,0 %

Нақты нәтиже: 2026 ж. 5 айдың қорытындысымен – 3125 адамға сырттай проактивті куәландыру жүргізілген, бұл [47,3%] құрайды  (Республика бойынша- 45,8%)

 

Сырттай куәландыру барысында МӘС қорытындыларының  тексеру бойынша

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті мен оның аумақтық департаменттері мүгедектікті, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеудің және әлеуметтік қолдау шараларын тағайындаудың негізділігіне тұрақты түрде жүйелі мониторинг жүргізеді. 

Талдау барысында құжаттарды іс жүзінде «көшірме бойынша» рәсімдеудің айлалы схемасы анықталды.  Әртүрлі пациенттердің зертханалық талдау нәтижелері, анамнез мәліметтері мен дәрігерлердің қорытындылары толығымен сәйкес келген. Бұл ретте тек тектері, есімдері, әкесінің аты мен күндері ғана өзгертіліп отырған. Аталған фактілер мүгедектікті заңсыз белгілеу және бюджеттік төлемдерді алу мақсатында медициналық құжаттаманы қолдан жасаудың айқын белгілері бар екенін көрсетеді.

Республика бойынша осындай 167 факті (Шымкент қаласы бойынша — 93 факті) анықталды. Бірде-бір жағдай назардан тыс қалмайды. Барлық материалдар құзыреті шеңберінде тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді. Тексеру жалғасуда  және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қатаң бақылауында.

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі

Әлеуметтік төлемдер бойынша

Департаменттің қызметі Зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер бойынша азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 16 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі, қызметтің барлық түрі цифрландырылған.

Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 212 775  астам азаматты құрайды. 

- Зейнеткерлер  101 869 адам; 

- Жәрдемақы және  асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – 10 003 адам; 

- Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы- 8 623 адам;

- экологиялық жәрдемақы – 0 адам;

- Бала туылғанда берілетін жәрдемақы – 11 397 адам;

- 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы – 10 155 адам;

- көп балалы аналар – 14 837 адам;

- көпбалалы отбасылар – 55 891 адам. 

 

2026 жылғы 1 қаңтарға  дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен  еңбек сіңірген жылдары үшін  зейнетақы төлемдерінің  мөлшері 10 % - ға арттырылды. 

Зейнетақының ең төменгі мөлшері:

  2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап  - 62771 теңге болса,

 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап  - 69049 теңгеге дейін ұлғайтылды. 

2026 жылғы 1 қаңтардан  бастап:

Ең төменгі зейнетақы- 69049 теңге.

Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері- 35596 теңгені құрайды.

Зейнетақы мен жәрдемақылардың артық төленген  соммалары бойынша фактілер 

Зейнетақының артық төленген  соммалары бойынша фактілер барлығы 86 алушыға артық төленген. Олардың ішінен 48 азамат артық төленген соманы толық өтеді, 41 азамат бойынша жұмыс жүргізілуде. 

 

Артық төленген сомалар

Қайтарылғаны

Қалған сома

Барлығы

53 458 793

28098660

25 360 133

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ

 1. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы бақылау еңбек өтілі 50% сәйкес келетін 362 есебі бойынша   жалпы саны 86 зейнетақы төлемі.  Олардың ішінен 48 азамат артық төленген соманы толық өтеді, 41 азамат бойынша жұмыс жүргізілуде.

Комитеттің жіберген қайтыс болған азаматтар бойынша 6 алушы қаралды. Оның ішінде 5  алушы толық кері қайтарды, 1 азамат бойынша (Герасимов) құжаттары сотқа өткізілді.

4.Басқа елдердегі әскери операциялардың «жалған ардагерлерін» анықтау комитетің тапсырмасына сәйкес жұмыс жасалуда жалпы саны 2107 .

 

Жалпы саны

Анықталғаны

Сұраныс жолданған

Жұмыс үстінде

2107

792

625

690

 2025 жылдың 5 ай мен ағымдағы жылмен салыстырғанда зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді  қарау нәтижелері 

2025 жыл 5 ай

2026 жыл 5 ай

Жалпы қаралғаны

Жаңадан

тағайындалғандар

Қайта қаралғандар

Бас тартылғандар

Жалпы қаралғаны

Жаңадан 

тағайындалғандар

Қайта қаралғандар

Бас тартылғандар

58 830

32 932

25 849

 49

52 350

27 867

24 449

34

           

 

 

II. Департамент қызметінің екінші бағыты - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша:

2026 жылдың 5 ай тоқсан қорытындысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі талаптарының сақталуына 10 тексеру жүргізілді, оның ішінде:

- профилактикалық бақылау - 3 

- жоспардан тыс – 5 

- прокуратурамен – 2.

Жоспардан тыс тексеру бойынша:

      2026 жылдың 5 айдағы қорытындысы бойынша 5 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2 нұсқама беріліп, мерзіміне қарай орындалуда, 2 тексеру субъектісіне әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 346 000 (үш жүз қырық алты мың) теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

 

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» бағдарламасы аясында 2026 жылы бейімдеуден өтетін объектілері жайында

2023–2027 жылдарға арналған «Аманат» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша қолжетімділік интерактивті картасындағы объектілердің жалпы саны – 2383. 

 2026 жылға арналған жоспар бойынша бейімдеуге жататын объектілер саны – 450, оның 112 (25%) объектісі мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін бейімделген. Министрдің жоспарына сәйкес, жыл соңына дейін 80% -ға жеткізу қажет.

Құрылыс кодексінің 135 – бабының 3 тармағы, 2) тармақшасына сәйкес, Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актілерін жүргізу мен есепке алу тәртібі: халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілгенін растауының болуы.»- делінген.

Сәйкестік туралы декларация – мердігер (бас мердігер) аяқталған құрылыс объектісі бойынша орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.

Қазіргі уақытта, қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетімен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта талаптарына сәйкестік туралы декларацияны келісу мақсатында объектіні бағалау және қорытынды қалыптастыру алгоритмі әзірленді.

Осыған байланысты, 01.07.2026 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының Құрылыс талаптарына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетімен мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін растау жөніндегі декларацияны келісу функциясы бекітілу жоспарлануда. 

Қол жетімді орта — бұл мемлекет пен қоғамның өмір сүру сапасы мен әлеуметтік жауапкершілік деңгейінің көрсеткіші. Заманауи нысан денсаулық жағдайына, жасына немесе қозғалыс ерекшеліктеріне қарамастан әр адамға ыңғайлы болуы керек. Бұл заңның талабы ғана емес, сонымен қатар азаматтарды құрметтеу мәселесі.

 

Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы бойынша (әрі қарай-ОЖБ)

2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының жол картасы шеңберінде 2026 жылдың соңына дейін 89%-ға жеткізу жоспарланған.

Аталған жұмыс жоспарына сәйкес, мамыр айындағы көрсеткіш деңгейі 58,6% -ды құрайды.

25.05.2026 жылғы жағдай бойынша ОЖБ-ға сәйкес қала бойынша 39 473 қажеттілік анықталып, оның 35 173-ы яғни 63,8%  (25 173) қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту аясында үздіксіз реформаларды жүзеге асыруда.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз етуді реттейтін бұйрықтарға өзгерістер мен түзетулер енгізілді.

Жаңа Әдістеме бойынша кепілдендірілген сома әлеуметтік қызметтер порталы мен онлайн интернет-дүкеннің деректері негізінде есептелінеді. Бұл ашықтықты, объективтілікті және біркелкі тәсілді қамтамасыз етеді.

Мемлекет адамдарға қаржыны қысқартпайтынын, керісінше қажеттілігі бар азаматтарға жоғары сапалы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қажетсіз шығындарды жоятынын ерекше атап өткен жөн.

     Бөлінген қаражат жүйені дамытуға бағытталады, соның ішінде заманауи, технологиялық тұрғыдан жетілдірілген және қымбат оңалту жабдықтарын енгізуге, бұл қалпына келудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға көмектеседі.

Сонымен бірге әлеуметтік-техникалық бағалау енгізіліп жатыр, ол шешімдерді ресми мерзімдерге емес, ОТҚ-дың нақты жағдайы мен жеке тұлғаның қажеттіліктеріне сүйене отырып қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл шешімдердің енімділігін арттырып, алушылардың мүддесін қорғайды.

Мамыр айында мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сомасы бекітілді.

«Үйдегі реабилитация» жобасы қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр және Павлодар, Қызылорда, Абай облысында және Шымкент қаласында оң нәтижелер көрсетуде. Биыл жобаны кеңейту жоспарлануда.

 Негізгі мақсаты: Мүгедектігі бар балалардың оңалту әлеуетін арттыру және  үй жағдайындағы оңалтуды жалғастыру үшін техникалық құралдарын ұсыну арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты Әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» Шымкент қалалық филиалы.

Филиал 2018жылы ашылған. 

2018 жылдың қаңтар айында есту қабілеті бұзылған балдарға (логопед, сурдо, психолог қызметі көрсеттетін) оңалту орталығы болып ашылған.

1.Уй жағдайында  166тср бар

2.Жобаны сәтті аяқтаған балалар саны 81

3.Уақытша тоқтатылған балалар саны 62

4.4 балаға тағайындалып құжаты рәсімделуде

5.қалдық зат 36

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап тірек қимылы бұзылған балаларға үй жағдайына ОТҚ беріліп жатыр

1жастан 18жасқа дейінгі балаларға арналған

1.Кресло коляска

2.вертикализатор

3.ходунки

4.вело-тренажер

Жалпы саны 202 зат

166 зат уйде тұр

Кресло коляска 4айға

Вертикализатор,ходунки 2айға

Тренажер 1айға беріледі

Қазіргі таңда: Шымкент қаласы, Астана шағын ауданы №108 мекен-жайында орналасқан Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бағыныстағы Ten Qogam әлеуметтік қолдау орталығына толық апарат ала аласыздар.