ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
29.05.2026 16:55:50 215
🔷 Шымкент қаласында 200 орынды ірі перинаталдық орталықтың құрылысы қарқынды жалғасуда. Қазіргі таңда нысанның қазаншұңқырын қазу жұмысы аяқталып, іргетасына бетон құйылуда.
🔷 Үш қабатты ғимаратта лаборатория, тамақтану блогы, бақылау-өткізу пункті, қазандық, медициналық газ станциясы және шаруашылық аймағы қарастырылған. Сонымен қатар, 123 автокөлікке, 16 әкімшілік көлігіне және 8 жедел жәрдем көлігіне арналған автотұрақтар, 120 м³ су резервуары, автокөліктерді дезинфекциялау алаңы мен саябақ болады.
🔷 Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, ана мен баланы қорғау жүйесін нығайтуға бағытталған. Себебі, қалада тұрғындар санының артуына байланысты заманауи медициналық нысанға қажеттілік туындап отыр.
🔷 Жаңа перинаталдық орталық ұлттық және халықаралық стандарттарға сай жоғары білікті акушерлік және неонаталдық көмек көрсететін болады.
🔷 Сонымен қатар, нысан іске қосылғаннан кейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының іргелес аудандарының тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі